Ауданымыздың жетістігі

 

Еңселі ел болып, бағытын түзеп, тәуелсіздік деген ұлы ұғымға қол жеткізгелі биыл 30 жыл. Сан ғасыр бойы бабаларымыз армандап, аналарымыз тілеген егеменді еліміздің аз жылда жеткен жетістігі аз емес. Алыс-жақын шет елмен  келісімге  келіп, бағытын түзеп, ұлт пен ұлыс баласының басын бір байрақтың астына жинап, татулықты сақтап отырған елдің-ертеңге деген сенімі нық, бағыты-айқын, мақсаты-берік.

Өткен жолы Көкшетау қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің — 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Бір шаңырақ астында — биік мақсаттарға» жобасында «Этноfashion» қазақ ұлттық киімдері сайыны бойынша Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (басшысы Д.Қарсыбаева) бас жүлдені жеңіп алды.

Қазақ халқының бай мәдениетінің бірі — ұлттық киімі. Әлем, әлем болып жаратылғалы сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың бойынан жарасым тапқан, әрбір киімнің өзіндік қасиеті мен қадірі бар. Мысалы қыста киіп жүретін ер адамдардың бас киімі түлкі тымақ, сыртқы киімі ішік суықтан қорғаса, қыз балалардың сәукелесі, сәукелесінің төбесіне қадайтын үкісінің  барлығының өзіндік қадірі бар.

Аталмыш конкурста біздің ауданымыздың мерейі үстем болып келді. Жеңістеріңіз құтты болсын, тек қана шығармашылық табыс пен жетістік тілейміз.

 Гәкку Асылбекқызы

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.