Вакцина егіліп жатыр

 

Қазіргі күні елімізде болып жатқан аурудың жолына тосқауыл болудың алдын алып, барлық қазақстандықтарды вакцинациялау жұмысы жалғасып жатқанын бәріміз білеміз.

Аптаның басында аудан әкімдігінің қызметкерлері мен жергілікті аудан басшылары ауруға қарсы екпе қабылдады. Аталмыш вакцинаны алу-алмау өз еркіңізде, дейтұрғанмен «сақтықта қорлық жоқ» демекші, қазіргі таңда ауданымыз бойынша бірқатар мемлекеттік қызметте жүрген қызметкерлерден басталған екпе жұмысы жалғасын табуда, өз еріктерімен барып, екпе алып жатқандардың саны артып келе жатқандығын біліп отырмыз.

Сонымен қатар, елімізде кейбір өңірлерде ауруды ауыздықтау үшін қатаң шаралар қолданылып, жұмыстар атқарылып жатыр. Әлемді жаулаған дерттен өткен жылы қаншама адам көз жұмды. Тілсіз жаудың алшаңдағаны соншалықты, алғашқы лебінен мыңдаған адам о дүниеге аттанды.

Халық-мемлекеттің басты байлығы. Халықтың денсаулығының қалыпты болуы, оны тұрақты сақтап, болашаққа дені сау ұрпақты жеткізу еліміздің айқын бағытының бірі.

Осы жолы аудан әкімі Әсет Мұздыбаев пен орынбасары Бекахмет Махметов барып, екпе алды. Көпшіліктің есіне сала кетейік, екпе алар кезде, сізді дәрігерлік тексеруден толық өткізіп барып, денсаулығыңызда кінәрат болмаған жағдайда ғана вакцина егіледі.

  «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.