Тілсіз жаудан сақтансақ

Бурабай ауданының әкімдігінде карантиндік режимді сақтай отырып, көктемдегі қардың еруіне байланысты аудан әкімі шұғыл жиын өткізді.

Қыс бойы жауған қардың еруіне байланысты тілсіз жаудың алдын-алмасақ, ертеңгі күні бармақ тістеп қалуымыз мүмкін,-деп бастады аудан басшысы өз сөзінде, себебі қаламыздың айналасындағы өзендердің мұзы біртіндеп еріп, күн жылына арнасынан асып, жергілікті елді-мекенге де зиян шектіруі мүмкін екендігін әңгіме барысында айрықша атап өтті, ақжағалыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бұл жөніде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ернар Накенов сөз алып, алдағы қардың еруі кезіндегі атқаратын жұмыстарды пысықтап жұмыс жоспарымен таныстырып, тығырықтан шығатын жолдарын айтып, өз ойын ортаға салып өтті.

Жалпы жиналысқа төтенше жағдайларға жауапты мекемелердің барлық қызметкерлері қатысып, пікірлерімен бөлісті.

                                                                        Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.