Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ораза айының басталуымен құттықтады

Құрметті ақмолалықтар!

2021 жыл — ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Жаңа Қазақстанның қалыптасу сәтінен бастап, елдің мемлекеттік саясаты қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністік, этносаралық пен конфессияаралық келісім ахуалын сақтауға бағытталған.

Сіздерді қасиетті Рамазан мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Рамазан айы — бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдар үшін рухани дамумен, жаңарумен, жасампаздықпен тығыз байланысты.

Бұл — шексіз жақсылық пен адамгершілік қағидаттарды бойына сіңіру, рухани тазару және өзін-өзі жетілдіру уақыты. Бұл мереке әкелетін құндылықтар Қазақстан халқының дәстүрлерін нығайтуға, басқа да дәстүрлі нанымдармен өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді.

Өкінішке орай, биыл біз қасиетті Рамазан айын бүкіл әлем пандемиямен күресуді жалғастырып жатқан жағдайда қарсы аламыз. Пандемиямен күресте өз жауапкершілігіміз бен бірлігімізді көрсете отырып, біз оны жеңе аламыз. Барлық сынақтардан абыроймен өтіп, ең жақсы қасиеттерімізді көрсететінімізге сенімдімін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, молшылық, келісім мен бейбітшілік тілеймін! Біздің ортақ Отанымыз — Қазақстан Республикасы өркендеп, гүлдене берсін!

Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.