Бурабай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-1 бабына сәйкес, Бурабай аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 09/41 қаулысымен 2021 жылғы 26 мамыр Бурабай ауданының Атамекен ауылдық округінің әкімі мен Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау күні болып белгіленді.

Әкімдікке кандидаттарды ұсыну сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2021 жылғы 26 сәуірде басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2021 жылғы 30 сәуірде аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда – 2021 жылғы 10 мамырда аяқталады.

 Бурабай аудандық сайлау комиссиясы

Мекен-жайы: 021700, Щучинск қ., Абылайхан к. 34,  209 каб. Тел.: 23774.

«Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімінің аппараты» КММ ғимараты.

 

Комиссия төрайымы                                         Күштаева Әсия Жасқайратқызы

Комиссия төрағасының орынбасары               Төлегенов Жангелді Мейрамұлы

Комиссия хатшысы                                           Ахметова Ләззат Әлкешқызы

Комиссия мүшелері                                          Жансейітова Айнұр Сансызбайқызы

Күзембаева Анар Тілеужанқызы

Мажкеев Жасұлан Сүлейманұлы

Тыржанова Бибігүл Еркенқызы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.