Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевтың Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен құттықтауы

Қадірлі бурабайлықтар!

Шын жүректен сіздерді Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын.

Бұл мереке халқымыз үшін ерекше мейрам болып тойланады, ежелден халқымыз мекендеген ұлан-байтақ жерімізде әрбір ұлттың тілі мен дінін сыйлап, достықтарын берік ұстап, қарым-қатынастарын нығайтып, бір шаңырақтың астында баянды да, бақытты, бейбіт өмір сүріп басқа елдерге үлгі болып отырмыз.

Бурабайлықтар бірлік бар жерде тірлік бар екендігін дәлелдеп, барлық этнос өкілдерінің салт-дәстүріне сыйластықпен қарап, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне бірігіп күш салысып жатыр. Бұл ертеңге деген толыққанды сенім мен тұрақтылықтың нәтижелі жемісі деп білеміз. Әрбіреуіміздің бойымыздағы азаматтық ұстанымымызды сақтай отырып, ұлтаралық келісіммен әлемде бейбітшілік болуына негіз болып, тұрақтылықты басты бағыт қылып, жарқын болашаққа нық қадам басып отырамыз. Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне, бұдан әрі дамып қарыштауына ұлттар бірлігінің арқасында жетеміз деген үлкен сенім бар.

Қадірлі жерлестер! Көгілдір көктемнің осынау тамаша күндерінде, сіздерге көтеріңкі көңіл-күй, мықты денсаулық, ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлдену жолында, жоғары жетістіктер мен құтты қадам тілейміз!

Қазақстан халқының ынтымақ пен достығы, өзара келісім бейбітшіл бірліктері нығая түссін!

Әсет Мұздыбаев, Бурабай ауданының әкімі

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *