Сенiп тапсырылған мемлекеттік қаражатты талан-таражға салу

 

Бурабай аудандық сотымен, Ақмола облысы Бурабай ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты. Кінәліге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салу, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып аса iрi мөлшерде жымқыру бойынша сотталды.

Сот ісі материалдары бойынша, жоғарыда аталған мекеменің басшысы, мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті тұлға бола тұра, ұйымдасқан топпен алдын ала сөз байланысып, Бурабай ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөліміне 208 494 440 теңге көлемінде шығын келтірген.

Сот үкімімен Бурабай ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып 8 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 405-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот жекеше қаулы шығаруға негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде жекеше қаулы шығарады, онда мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын iс бойынша анықталған заң бұзушылық фактiлерiне, қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен және тиiстi шаралар қабылдауды талап ететiн себептер мен жағдайларға аударады.

Сот жекеше қаулы арқылы ұйымдармен олардың қызметтiк немесе азаматтық борышын бұзғанына назарын аударуға құқылы.

Осы орайда, Бурабай ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру мен бақылаудың әлсіздігін және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 22-бабының бұзылғаны үшін, Бурабай ауданы әкімінің аппаратына аталған мәселеге назарын аудару үшін жекеше қаулы шығарылды.

Ж.Уәли, Бурабай аудандық сотының бас маманы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *