Сот төрағасының брифингі

 

Бурабай ауданының сот төрағасы Абзал Балабеков жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, соңғы алты айда атқарған жұмыстары жайлы ақпарат берді.

Сот отырысындағы айыпталушы мен шағымданушының арасындағы дау-дамайды бір жақты қылып шешуге судьялар барынша ат салысады, екі тарапты татуластыру басты мақсат, дейтұрғанмен кейде екі тараптың ортақ дауы бір шешімге келіп жатады,-дейді сот төрағасы. Өткен жылға қарағанда әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық істер әдәуір азайған. Жалпылай айтсақ кез-келген құқық бұзушылықтың себепсіз қалмайтындығын халық түсіне бастады. Сонымен қатар, масаң күйінде көлік айдаушыларға қазіргі таңда жаза күшейтілді, 10-15 тәулікке қамалып, заң бұзушылыққа жол бергендіктен жеті жылға көлік жүргізу құқығынан толық ажыратылады. Бүгінгі күні түнгі сот жұмысын жүргізіп жатырмыз, егер ішімдік ішіп көлік айдап ұсталған уақытта арнайы зертханадан өткен жүргізушінің алкольдік ішімдік ішкендегі дәлелдеген жағдайда жаза кесіп, әкімшілік айыппұл төлейді-дейді сот төрағасы.

Аудандық БАҚ өкілдерінің қойған сауалына тұщымды жауаптар қайтарылды.

                                                               Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *