Чернобыль зардабына — 35 жыл!..

 

Осыдан отыз бес жыл бұрын Чернобыльдағы атом станциясының апатқа ұшырауына байланысты 180 мың тонна уран жерге төгілген, үлкен қаланың мұндай апатқа ұшырауы оңайға тиген жоқ, жалпақ республика атанып отырған КСРО құрамындағы барлық күш аталмыш апатты жерге жұмылдырылды. Себебі ауаға сіңген уранның экологияға және халыққа тигізетін зардабы орасан зор еді.

Иә, бұл сұмдықты көзбен көрген жандардың біразы радиацияның кесірінен мүгедек, жарымжан болып қалса, біразы жасына жетпей дүние салды. Чернобыль апатының себеп-салдарын жоюға ат салысқан жандарды осы аптада мерейтойларына байланысты Оқжетпес ауылының Мәдениет үйінде шағын концерт өтті.

Аталмыш жиынға Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев қатысып, Чернобыль ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, облыс әкімінің және өзінің атынан алғыс хаттар мен мерекелік төсбелгілер табыстады.

Сонымен қатар, Чернобыль ардагерлер кеңесінің төрағасы Виктор Лешин сахнаға шығып, әріптес ардагерлеріне деген құттықтау лебізін айтып, ардагерлерді қашанда құрметтеп, осындай игілікті іс-шараның өтуіне ат салысып жүрген жандарға «Алғыс хат» және мерекелік төсбелгілер табыс етті.

Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

                                                      Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *