Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары!

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев 2020 жылғы 24 қарашадағы «Саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы»  Жарлығында басты міндет-халықаралық стандарттар мен құндылықтар негізінде саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру, олардың адал және игі есімдерін халық пен ұрпақтарға қайтаруды міндет қойды.

Бұл тақырып жабылып, мұрағаттар құпияландырылғандықтан, бүгінде қуғын-сүргін көрінісін қалпына келтіруге:

— тарихи әділеттілікті, жазықсыз қуғын-сүргін құрбандарының адал және жақсы атын қайтару;

— Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресте мемлекеттік террор мен саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған барлық ұлт өкілдерінің есімдерін халықтың жадында жаңғырту және мәңгі сақтау;

— тарихымыздың батырлық та, қайғылы да елеулі беттерін мәңгі есте қалдыру үшін Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы орталықтандырылған кітапханалық жүйесі ауданның барлық тұрғындарынан, әсіресе аға буын өкілдерінен (олардың балаларынан) мәліметтер базасын құру мақсатында қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған туыстары мен жерлестерінің есімдерін кімде кім есінде сақтаған болып жатса,  мәліметтермен бөлісуді сұрайды.

біздің байланыс телефонымыз: жұмыс т. 8-71636-2-24-46

эл.пошта: b.tsbs.metod@yandex.kz

 

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *