Үндестігі жарасқан «Smart серіктестік»

Сабақ беру — үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер

Жүсіпбек Аймауытов

Бүгінгі таңда мектептің оқу-тәрбие үрдісі жаңашылдықты қажет етіп, оқушы бойына тәрбие мен оқудың негізгі мәнін сіңіріп, қоғам талабына сай тұлға даярлау екені анық. Бүгінгі күнгі мектептің жалпы бағытын саралай келе, жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай, адам капиталын дамытудың озық үлгілерін ойлап тауып, оны жүзеге асыру басты мақсат болып табылады.

Бурабай ауданында №9 мектеп-гимназиясының «Smart серіктестік» жобасы — мектептегі үш білім беру сатысы саналатын бастауыш, орта буын, жоғары сынып сабақтастығының алтын көпіріне айналған жаңа әдістемелік жоба. «Smart серіктестік» жобасы арқылы үш буын арасында байланыс орнап, мұғалімдер жаңа шығармашылық ізденіспен бірлесе жұмыс жасады.

Әр «Smart серіктестігі» кіріктірілген сабақтар өтіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқушының бейініне қарай әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылардың жан-жақты білім алуына ықпал етті. Оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастырдың арқасында оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурсының жеңімпаздары атанды.

Биылғы 2020-2021 оқу жылында «Бірлік» атты «Smart-1» серіктестік құрамында болған 2 «б» мен 5 «а»-сыныбы төрт ұстаздың бірігуімен өз атына сай жақсы нәтижелі істер көрсете білді. «Бірлік» атты «Smart-1» серіктестік құрамында жоғары категориялы зерттеуші ұстаз тарих пәнінің мүғалімі Л.И.Төлтаева, I-категориялы сарапшы ұстаз, технология пәнінің мүғалімі М.Е. Мырзабекова, модератор ұстаз, бастауыш пәні мұғалімі Ұ.Ә. Батқолла және жас маман дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.М. Халесов

Биылғы оқу жылындағы осы «Smart-1» серіктестігінің қол жеткізген жетістіктеріне тоқталар болсақ, оқушылар мен мұғалімдердің мектепішілік пән олимпиадасынан бастап аудандық, облыстық түрлі сайыстардан жетістіктері мақтанышпен айтарлықтай.

Осы «Smart-1» серіктестігінің лидері, еңбек жолын бастағанына аз ғана уақыт өткеніне қарамастан 2020 жылдың қараша айында бастауыш пәні мұғалімі Батқолла Ұлжан Әскерқызы аудандық «Педагог үміті» жас мамандар арасындағы байқаудан 1-жүлделі орын алып мектеп ұжымының мерейін көтеруге үлесін қосты. 2021 жылдың наурыз айында аудандық «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» жобасы аясында «Қазақ аруы» байқауының бас жүлде иегері атанса, ҚР-ның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында», «Этно fashion» сән көрсетіліміне белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталып, Бурабай ауданы бас жүлде иегері атанды.

Білім мен ғылымның дамуы — адамзат өркениетінің өлшемі болып табылады. Ғылыми танымдық жоба «Шығыстың сөнбес жұлдызы — Әбу Насыр Әл-Фараби» атты ғылыми жоба жазып оны қорғаған Ұлжан Әскерқызы «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты аудандық конкурстан ІІІ-орын иеленді.

Технология пәні мұғалімі әрі 5 «а»-сыныбына жетекшілік етіп отырған Мырзабекова Мейіргүл Есенбекқызының оқушылары Ғалымжанова Назерке қазақ тілі пәні бойынша «Дарын» орталығы ұйымдастыруымен өткен 5-7-сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасының аудандық кезеңінде І-орын, облыстық кезеңінде ІІ-дәрежелі диплом иегері атанса, ағылшын пәнінен аудандық кезеңінде Айтжанова Әсем мен Сейтімхан Зере І-орын иеленді. Мектепішілік теннис жарысынан І-орын алған Қайрат Мансұр мен Айтжанова Әсел бүгінде мектептің намысын қорғау мақсатында үлкен сайыстарға дайындық үстінде.

Осы серіктестік жобасында «Ғылым көкжиегі» тәжірибе жұмысына Мейіргүл Есенбекқызы 5 «а»-сынып оқушыларын дайындап, шәкірттері Айтжанова Әселмен Сейтімхан Зере қатысып, жақсы бағаланды. «Smart серіктестіктер» арасында қаңтар айында Start-Up жобасы бойынша сайыс өтті. Бұл жобаның тиімділігі қалдықсыз экономикаға оқушыларды үйрету арқылы үнемділікке тәрбиелеу.

Міне осыны үйреткен Мейіргүл Есенбекқызының шәкірттері Айтжанова Әсел мен Бабақова Саягүл «3 D картина жасау» өнерімен тәнті етті.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атап өткендей, «Халық пен халықты адам мен адамды теңестіретін білім» дегендей, тарих пәні мұғалімі Ләззат Ибрагимқызының шәкірттері де биылғы оқу жылында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Атап айтар болсақ 11-сынып оқушысы Шарипова Ақбота Қазақстан тарихынан пән олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі ІІ-орынды иеленді. Республикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған 5-10-сынып оқушылары арасында өткен «Тарих ата» республикалық олимпиадасының І-кезеңіне 9-сынып оқушысы Рашит Сұлтана мен 6-сынып оқушысы Рашит Альмира қатысып, І-дәрежелі дипломмен марапатталса, 5-сынып оқушысы Кенжебай Жансезім мен 8-сынып оқушысы Қабдуллин Мадияр ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақстан тарихы пәнінен Kio.kz олимпиадасының І-дәрежелі дипломымен Рашит Сұлтана марапатталды. Ақмола облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Менің Кіші Отанымның тарихы» атты сайыстың облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломымен Рашит Сұлтана марапатталды.

«Smart-1» серіктестігінің тағы бір мүшесі жас маман Т.М. Халесов дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Петропавл қаласында 2021 жылдың 1-3-сәуір аралығында М.Қозыбаев атындағы СҚУ ұйымдастырған республикалық қазақ күресінен 3-орын алып өз қоржынын бір медальмен толықтырды.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысып, бас жүлдені иеленді.

Біздің алдымызда бүгінгі заман талабына сай зайырлы Қазақстанның білім беру жүйесін таныту міндеті тұр. Қазіргі кезеңде Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделу үстінде. Осы орайда айта кететін мәселе мектептегі әр «Smart серіктестік» зерттеу тақырыптарымен жұмыс жасауда. Біздің «Smart серіктестік» зерттеу тақырыбы «Сабақта жайлылық атмосферасын қалыптастыру». Осы зерттеу тақырыбымен 2 «б»-мен 5 «а»-сыныбында әр сабақта жүргізілген жайлылық атмосферасын қалыптастыру мақсатындағы тренингтер баланың сабаққа деген ынтасын арттырары анық. Әсіресе 5 «а»-сыныбының орта буынға келген кезінде ортаға бейімделуіне осы әр сабақтағы жайлылық атмосферасының жүргізілуінің маңызы өте зор.

Қараша айында «Smart серіктестік» топтар арасында кіріктірілген сабақтар өткізілді. Осыған орай «Smart серіктестік» мүшелері біріге отырып жоспар құрып, 2 «б»-сыныбында дүниетану пәнінен «Қазақстан Менің Отаным» атты сабақ өткізді. Нәтижесінде «Smart серіктестіктер» арасында 1-орын алып, «Ең үздік кіріктірілген сабақ» номинациясына ие болды.

Өзгерістердің мәні мен маңызы көп. Бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына ену үшін біз білімді мәдениетті, өркениетті дамыған ел болуымыз керек. Алдымызда отырған әр оқушы хан мен ханзада өз тарихын, өз білімін, өз денсаулығын, өз еңбегінің дәрежесін бағалай алатын азамат болып өсуін ынта жігер беретін «Smart серіктестік» жобасының үйретері көп. Өйткені біздің алдымызда болашақ мамандар отыр. Оларға тура жолды көрсету ұстаздар қауымының басты міндеті. ХХІ ғасыр білім ғасыры. Ой өрісі жоғары дамыған зерделі жан-жақты парасатты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек екенін бір сәтте есімізден шығармағанымыз жөн.

 Л.Төлтаева, № 9 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі

 

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *