QazVac екпесінің алғашқы партиясы 25 мың адамға салынады

 

QazVac отандық вакцинасының алғашқы партиясы 25 мың адамға салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметіне сенсек, вакцинаны өңірлер бойынша бөлу Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесіне кіретін басқа да вакциналар сияқты ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің келісімімен жүзеге асырылады. Бірыңғай дистрибьютор вакцинаны сақтау мен тасымалдаудың барлық жолында иммунобиологиялық препараттар логистикасына және GMP және GDP, сондай-ақ «суық тізбек» стандарттарына қойылатын талаптарды мүлтіксіз сақтайды. QazCovid-in вакцинасының ерекшелігі — оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларды қажет етпейді және плюс 2-8 градус температурада тасымалданады. QazVac вакцинациясы екі кезеңде жүргізіледі, сондықтан вакцинаның 50 мың дозасы 25 мың адамды вакциналауға есептелген. Ғылыми-зерттеу институты жыл сайын қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы 27 млн астам доза түрлі вакцинаны, оның ішінде шет елдерге жеткізетінін атап өткен жөн. QazVac вакцинасымен вакциналау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі Вакцинация алдында медицина қызметкері міндетті түрде медициналық тексеруден өткізеді. Анамнез тексеріледі, дене температурасы, қысым өлшенеді, қарсы көрсетілімдер алып тасталады. Вакцинациядан кейін екпе алған адам медицина қызметкерлерінің бақылауында 30 минут тұруы керек.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *