Бурабай ауданы әкімінің Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы

Құрметті бурабайлықтар! Қадірлі Отан қорғаушылар!

Сіздерді ерлік пен қайсарлық мерекесі — Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Біздің мемлекетіміз тұрақтылықты, толеранттылықты берік ұстанып, заманауи талапқа сай әскерін жасақтап, ізденіс жолында жүріп, өзінің қауіпсіздігін нығайтып отыр. Әлемдегі барлық әскери бөлімдермен араласып, олармен тәжірибе алмасып, бәсекелестікпен қазақстандық әскердің күш-қуатын арттырып, басқаларға үлгі болуда. Біздің өңірде Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусы сияқты танымал оқу орнында жоғары білікті әскери мамандар даярланатындығын аса мақтанышпен айта аламыз. Біздің қарулы күштеріміздің технолиясы мен білімі күн өткен сайын артып, тәуелсіздігіміздің кепіліне айналып, ержүрек, бесаспап мамандарды дайындап шығарып жатыр. Қазіргі таңда Қарулы күштеріміз нағыз отансүйгіш, қиындыққа төзгіш, жастарды қалыптастыруда, бұлардың арасында өзіміздің бурабайлықтар да бар.

Біздің Қарулы Күштеріміз өздерінің жинаған тәжірибелері арқылы кез-келген жерде ерліктерімен танылып, кең-байтақ Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін көзінің қарашығындай қорғайды деген үлкен сенімдемін.

Мерекелеріңіз құтты болсын, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ашық аспан астында бейбітшілігіміз баянды, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын дегім келеді!

Әсет Мұздыбаев, Бурабай ауданың әкімі

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.