Жауынгер жерлес туралы сөз.

Ұлы Отан соғысы майдандарында өз денсаулығы мен өмірін аямай, моральды және денсаулық жағынан ауыр жараланған, бейбіт тыл еңбеккерлерінің қатарына оралып, соғыстан кейін елді қирандықтардан қалпына келтірген, өз Отанының ержүрек ұлдарының өмірі, ерлігі және әскери қызметі туралы баяндауды жалғастырамыз. Өкінішке орай, қысқа, бірақ жарықын өмір сүрген біздің тағы бір жерлесіміз Татембаев Кенжебай Татембайұлы туралы  жас ұрпаққа хабарлау қажет.

Кенжебай Татембайұлы 1924 жылы Щучье ауданы, Көрнекті ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылған.  1942 жылдың тамызынан 1943 жылдың ақпанына дейін Орта-Азия әскери округінің, 37-ші атқыштар полкінің полк мектебінің курсанты. 1943 жылдың ақпанынан маусымына дейін Ташауыз қаласының Түрікмен КОР Орта-Азия әскери округі, 170-ші атқыштар полкі бөлімінің командирі. 1943 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін Өзбек КОР Бұқара қаласының 141-ші атқыштар полкі бөлімінің командирі. 1943 жылдың қыркүйегінен 1944 жылдың қарашасына дейін Түрікмен КОР, Керки қаласының, Гомель әскери-жаяу әскері училищесінің курсанты. 1944 жылдың 24 қазандағы № 03634 бұйрығына сәйкес училищесін аяқтағаннан кейін алғашқы офицерлік кіші лейтенант атағы берілді. 1944 жылдың қарашасынан 1945 жылдың қарашасына дейін үшінші Белорустық майданының, ҰІІК ішкі әскери 57-ші атқыштар дивизиясы, 371-ші атқыштар полкі взводының командирі.

Соғыстан кейін Алматылық заң мектебін аяқтаған. Оқуды бітіргенен кейін Жетіқара аудандық сотында жұмыс істеді. К.Т.Татембаев 1949 жылдың наурызында Қостанай облысының Қарабалық ауданында бірінші учаскелік судьясы болып бекітілді. 1949 жылдың күзінде Кенжебай Татембайұлы Татембаев автокөлік апатынан қаза болды.

Өкінішке орай, толыққанды және басқада ақпарат табу мүмкіндік жоқ, бірақ біз Отан және халық алдында өзінің міндеттерін ерлікпен орындаған майдан жауынгерлерінің есімдерін құрметтейміз.

Қазіргі уақытта оның немере інісі Кенжеболат Татембаев Щучинск қаласында тұрады, ол біздің жерлесіміз және майдангер судьямыз  Кенжебай Татембайұлы Татембаев туралы бар мәліметтерді мейірімдлікпен ұсынды.

             А. Балабеков,  Бурабай аудандық сотының төрағасы                

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.