Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс халықтың жадында, елдің тарихында айрықша орын алады. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.

Міне, содан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды. Әйтсе де, сол бір сұм соғыс салған өшпес із әлі күнге дейін жүрегімізді сыздатады, жанымызды жабырқатады. Қасірет пен қайғысы ел қабырғасын қайыстырып, еңсесін езгілеген бұл соғыс жайлы айтып та, жазып та тауыса алмаспыз.

Ел басына күн туған сұрапыл жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеуделерін оққа тосқан отандастарымыздың есімдері мен ерліктері  ешқашан ұмытылмайды. Біз оларды әрдайым ардақтап, мақтан етеміз. «Отан үшін күрес, елге тиген үлес» дейді дана халқымыз. Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық пен қуатты рух, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды.

Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

М.Нұрпанова, Бурабай аудандық мәслихат хатшысы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.