Абзал жандар ақ халаттылар!

12 мамыр — халықаралық медбикелер күні. Бұл күні Қазақстандағы ірілі-ұсақты ауруханалардың барлығы кішігірім мерекелік шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Ал бұл мереке қашан және кімнің құрметіне пайда болды? Қазақтан шыққан қандай атақты медбикелерді білеміз?

Дүниежүзілік медбике күні (ағыл. International Nurses Day) жыл сайын 12 мамырда атап өтіледі. Ол Дүниежүзілік Медбикелер кеңесінің (ICN) қолдауымен өтеді. Медбикелердің кәсіби мерекесі медбике ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні аталып өтіледі. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853-1856) тұңғыш болып мейірбикерелер қызметін ұйымдастырған. 1971 жылы Флоренс Найтингейлдің туғанына 188 жыл толды. Халықаралық Медбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында 12 мамырды Халықаралық медбикелер күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында ерекше мереке ретінде тойланады.

Әлемнің 141 елінен мейірбикелер жиналып, қоғамдық ұйым — «Халықаралық медбикелер кеңесін» құрғаннан кейін 12 мамыр дүниежүзілік мейрам мәртебесіне ие болды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылы 12 мамыр мейірбикелер күні болып ресми түрде тіркелген болатын.

Біздің елімізде де бұл кәсіби мерекеге ерекше көңіл бөлініп келеді, былтырғы жылы ел ішін дендеген пандемия кезінде біздің «Бурабай-Авиценна» серіктестігінің медбикелері көзге көрінбейтін аурумен күресіп, талай адамның ажалына араша болып қызмет атқарғанын біреу білсе, біреу білмес. Өздеріне жүктелген ауыр міндеттерді жауаптылықпен атқарған аталмыш медбикелермен сұхбаттасып, қызметтерімен танысып шықтық. Әрқайсысы өзінің жұмысына деген  ұқыптылығын байқатты. Келген науқастарға алғашқы жәрдем беріп, дәрігердің жазып берген ем-домын жасап, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген жандарға біздің де тарапымыздан отбастарына амандық, дендеріне тек қана саулық тілейміз. Ел үшін жасап жатқан еңбектеріңіздің жемісін көріп, елдің құрметіне бөлене беріңіздер!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.