Ерлік ұрпаққа мұра!

 

«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп

жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол — Отанға деген сүйiспеншiлiк.»
Бауыржан Момышұлы

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс — күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап өтті.

Иә, содан бері 76 жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.

Ұлы Отан соғысы… Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағып, жеңістің таңбасын басқан күн — Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол — өмір заңы.

Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш — әрине, «бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.

Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысына Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.

Оның бiзге қалдырған мәңгiлiк өшпес, ғасырдан ғасырға жетер мұралары үшiн ұрпақтары мәңгi қарыздар.

Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?!

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс — Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл — қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»-деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын.

Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса деп тілейміз. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін. Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін деген тілекпен «Балдырған» шағын орталығында «Күншуақ» тобында «Ұлы Жеңіс-жасасын!» және «Еркетай» тобында «Ел қорғауға әзірміз!» атты 9-Мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жарияланды. Балалар мереке арнап «Жеңіс күні» және «Солдат болам мен ертең» әнін шырқады. Ұлы Отан соғысы кезінде шырқалған әндерге арнайы би құрылып ұлдар «Сарбаздар», қыздар «Теңізшілер» биін тарту етті. Міне ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Бақытты болашақ, Тәуелсiз ел аңсаған арманы едi. Бүгiн біздiң арманыңыз — ұлттық тiлдiң, дәстүрдiң, салт-сананың мызғымас тiрегi, күшi, алтын дiңгегi — халықтың бақ жұлдызы жарқырап жанған күн. Мереке құтты болсын!

Ж. Лекерова, Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы

«Балдырған» шағын орталығының «Еркетай» топ тәрбиешісі 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.