Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

№ 9 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Бурабай аудандық Мәдениет үйі жанындағы «Жас Дарын» поэзиялық клубының көркемдік жетекшісі Баян Бекетайдың  «Әке ізімен» кітабы жарық көрді.

Жалпы кітаптың айтары мол, іші құнды мәліметтермен толықтырылып көпшілікке жол тартты. Кітапта қазіргі таңдағы әке рөлінің атқарар қызметі жайлы кеңінен әңгімеленген. Аталмыш кітаптың ресми тұсау кесу рәсімі Оқжетпес ауылындағы Мәдениет үйінде өтті.

Тұсаукесер рәсімінде аудан азаматтарының арасында «Мен әкеммен мақтанамын» атты сайыс жалғасын тапты. Қатысушылардың ұлдары мен қыздары сахнаға шығып, өнерлерін ортаға салды. Сайысты қорытындылай келе барлық қатысушыларға мадақтама марапат қағазға табысталып, естелік суретке түсті. Жаһандану процесі дамыған сайын қазіргі таңда рухани жағынан жүдеушілік көріп отырғандығымыз жасырын емес, дейтұрғанмен кітап — жан азығы екендігін бүгінгі ұрпақ танып, ғылым мен ілімнің көзі кітап екенін түсіндіретін, баяндайтын ұстаздардың кітапқа деген ынтасы жоғары екенін айтқымыз келеді.

                                                              Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.