Сессия өтті

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихатының Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың VІІІ сессиясы өтті.

Щучинск қаласының әкімі, Бурабай кентінің әкімі ауылдық округтың әкімдері және Ақмола облысының тексеру комиссиясының мүшесі Мұратбек Тақанбаев қатысты. Бурабай ауданы экономика және қаржы  бөлімі бастығының м.а. Оксана Мацко сөз алып, «2020 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы» экономикалық көрсеткішінің өсіп-өркендегені жайлы баяндамасымен бөлісті.

Бурабай ауданының мәслихат депутаты Бақыт Бостанбаева жарыссөзге шығып, ауданымызда экономикалық тұрғыдан атқарып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Бурабай кенті және Щучинск қаласы, ауылдық округтердің әкімдері 2020 жылы  атқарған жұмыстарын ортаға салып, жиналғандардарға «2020 жылға арналған Бурабай ауданының Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы» баяндамаларымен толықтырды.

«Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселе туралы» халық қалаулылары өз ойларың ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.   Сонымен қатар «аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы» шешімдерін шығарды.

Шолушы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.