Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет — ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты.
Біздің елімізде қоғамымыздағы руханиятты дамытуға, игілікті, адамгершілікті, қайырымдылық пен өзара түсіністікті өрістетуге жол ашатын үздік мәдени дәстүрлерді сақтауға және молайтуға ерекше мән беріледі.
Сіздердің әрқайсыларыңыз — ақындар, жазушылар, әртістер, суретшілер, мұражайлар мен кітапханалардың қызметкерлері, мәдениет үйлерінің, ауылдық клубтардың мамандары, көркемөнерпаздар ұжымдары, шығармашылық одақтардың өкілдері, мәдениет бөлімдерінің мамандары – нағыз аскетиктер мен энтузиастар.
Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету — баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады.
Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын!
М. Нұрпанова, аудандық мәслихат хатшысы