Сыңғырла соңғы қоңырау

 

25 мамыр күні қаламыздағы №7 мектеп-лицейінің соңғы қоңырау мерекесіне барып, жиынына қатысып қайттық.

Бүгінгі таңда бұл аталмыш мектеп-лицейдің қабырғасында қаламыздың біраз оқушылары білім алып жатыр. Жас түлектер қатары қалың екен. Өмірге деген алғашқы қадамдарына сәт-сапар тілеп, сынып жетекшілерімен ортаға шыққан түлектер салтанатты түрде көпшіліктің құрметіне бөленді.

Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Анар Күзембаева сөз алып, бүгінгі таңдағы Бурабай ауданының білім саласындағы жетістіктерін, облыс, республика бойынша әр түрлі пәндік сайыстарда жеңімпаз атанып жүргендігі жайында тұщымды баяндамасымен бөлісіп, түлектерді, ата-аналарды, мектеп мұғалімдерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Жиын барысында үздік оқушылар марапат қағазына ие болып, салтанатты түрде табысталды. Аудандық білім бөлімінің бастығы Жангелді Төлегенов жаңадан салынып, қазіргі таңда мыңдаған шәкірт тәрбиелеп қанаттандырып шығарып жатқан мектеп-лицейінен білімді оқушылардың жеткен жетістігін айтып, соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады. Ата-аналар комитетінің атынан Арман  Башимов жас түлектерге ақ жол тілеп, өздерінің бойындағы қасиеттерін шәкірт бойына сіңіре білген мұғалімдерге алғысын айтып, мерекелерімен құттықтады.

Соңғы қоңырау мерекесі ара қашықтықты сақтап, бетпердемен санитарлық талаптар орындалып өтті.

Сәт-сапар саған жас түлек, сапарларыңыз сәтті болып, тәуелсіз еліміздің ертеңіне кепіл болып, биіктерден көріне беруге тілектеспіз. Мерекелеріңіз құтты болсын, ұстаздар!

 Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.