Өнер саласына деген құрмет

Өткен аптада Оқжетпес Мәдениет үйінде еліміздегі Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күні мейрамына орай осы салада қызмет атқарып жүрген өнер саласының өкілдеріне арналған жиын өтті.

Жиынға Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Бурабай ауданы мәслихатының хатшысы Малика Нұрпанова қатысып, ауданымыздың мәдениет саласын көтеріп, осы салада еңбек етіп жүрген жандарды мерекелерімен құттықтады.

Бурабай ауданы Мәдениет үйінің қызметкерлері және кітапханашылардың бір тобына Ақмола облысының Мәдениет басқармасынан және аудан әкімінің атынан «Алғыс хаттар» табысталды.

Жиын соңы шағын концертке ұласты. Мерекелік жиын карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып өткенін еске саламыз.

    Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.