Ақмола облысының екі жүзден астам нысаны «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр

Ақмола облысының екі жүзден астам нысаны «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 21 сәуірде Ақмола облысының аумағындағы бизнес субъектілері коронавирус инфекцияның таралу қаупін азайту бойынша «Ashyq» жобасына қосылды. Қазіргі таңда облыс бойынша жобаға қатысу үшін 285 өтінім түскен, олардың 239-ы ресми түрде рәсімделіп, кәсіпкерлерге QR-кодтары берілді. Аталған қосымша ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілгендіктен, жеке тұлғаның статусын, оның науқаспен қарым қатынаста болғанын немесе қай санатқа жататындығын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, 27 мамырда Щучье қаласындағы кинотеатрына «қызыл» статусы бар ер адам кірмек болған. Анықталған келушінің кинотеатрға кіруіне жол берілген жоқ. «Ashyq» жобасы іске қосылғаннан бері Ақмола облысындағы қоғамдық нысандарға «сары» статусы бар 11, «қызыл» статусы бар 7 адам өтпек болған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.