Мәселе оң шешімін тапты

 

Бурабай аумақтық партия филиалының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар және Бурабай аудандық мәслихатының депутаттары азаматтарды  жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізуде. Әр сейсенбі сайын медиатор, адвокат, нотариустың қоғамдық қабылдауы болатынын естеріңізге саламыз.

26 сәуірде Бурабай аумақтық филиалының қоғамдық қабылдауында Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Шоқан Жетпісбайұлы Оразалинге, екінші деңгейдегі банкінен несие алып, біраз уақыттан соң қиын өмірлік жағдайға тап болған Щучинск қаласының тұрғыны жүгінді. Біршама уақыт бойы несие төлемдері төленбеген соң, жұмысшының еңбекақысы, толығымен дерлік, несие шотына ауысып отырған. Қабылдау барысында мәселе оң шешімін тапты. Қолданыстағы заңнама шеңберінде, депутат жүгінушінің жұмыс берушісі мен қаржы мекемесіне қоңырау шалып, жалақысынан есептеп алынатын несие төлемдері 50%-дан артық болмауы керектігін түсіндірді. Сондай-ақ, қабылдау нәтижесі бойынша, аталған азаматқа жұмыс орнынан кішігірім қаржылай, материалдық көмек көрсетілді.

18 мамыр күні Бурабай аумақтық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Зеленый Бор ауылының өрттен зардап шеккен тұрғынынан түскен өтініш бойынша, Бурабай аудандық мәслихатының депутаттары Жапаров Талғат Құмарұлы және Сүлейменов Бауыржан Амангелдіұлы қаржылай және құрылыс материалдары түрінде материалдық көмек көрсетті.

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Бурабай аумақтық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Бурабай ауданының әкімі Мұздыбаев Әсет Азаматұлы азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында қала аумағында қоқыс шығару мәселесі, тұрғын үй және жолдарды жөндеу мәселелері бойынша өтініштер түсті. Қоқыс шығару мәселесі оң шешімін тапты, ал тұрғын үй мәселесін аудан әкімі өз бақылауына алды, сондай-ақ Әсет Азаматұлы өтініш берушілерді ауданымыздағы жолдарды жөндеу жұмыстарының барысы жайлы хабардар етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.