Бурабайда «Мобильді кітапхана» іске қосылды.                        

Бурабай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде заман талабына сай мобильді кітапхананың тұсауы кесілді. Оқжетпес МҮ қазақтың атақты күйші, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй анасы — Дина» атты гала концерттің ұйымдастырылуына орай QR-kod арқылы атақты әнші-күйшілер Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлының күйлері мен атақты әншілер Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлының әндері көшірілген. Пайдаланушылар телефондарына әнші-күйшілердің әндері мен күйлерін көшіріп тыңдай алды.

Мобильді кітапханаға «Өлкетану қоры — сандық форматта» жобасы аясында өлкетану кітаптарын сандық форматқа көшірілген электронды кітаптар қойылған. Оқырмандар смартфон немесе планшеттің көмегімен QR- код арқылы «Мобильді кітапхана» қосымшасында ұсынылған 54 кітаптың кез келгенін лезде тауып, жүктеп оқи алады. Бұл оқырмандар санын арттыруға және ұялы телефонға әуестенген жастарды кітап оқуға тартуға болады. Электронды кітаптардың көшірмесін кітапхана сайтынан оқуға мүмкіндік бар.

Құрметті оқырмандар! Сіздер Бурабай өлкесінен шыққан ақын-жазушылардың электронды кітаптарын кітапхана сайтынан burabaitsbs.site қашықтықтан оқи аласыздыр. Бұл кітаптар сайттың «Өлкетану» бөлімінде орналасқан. Біздің бүгінгі міндетіміз — қашықтықтағы оқырмандарды тартатын ақпараттық сервистерді дамыту.

Сондай ақ, қалалық саябақта Елорда күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған «Нұр-Сұлтан — елдік пен бірліктің елордасы!» атты ашық аспан астындағы кітапхана шығармашылық алаң шарасын ұйымдастырды. Оқырмандарға арналған кітап көрмелері, жырлар оқылып, зияткерлік ойындар ойнатылды.

Цифрландыру — Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсаты емес, құралы. Заман көшінен қалыспай, әлем елдерімен бәсекелестікке төтеп беруде еліміздің барлық кітапханаларының қоры цифрлық жүйеге өтуі, кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, оның қорын құру, сақтауға мүмкіндік береді.

А. Абдыгужина, Бурабай ОКЖ-нің библиографы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.