Бурабай ауданының тыныс-тіршілігі

 

Өткен аптада Бурабай ауданына Ақмола облысы «НұрОтан» партиясының атынан сайланған мәслихат депутаттары арнайы жұмыс сапарымен келді.

Басты мәселе жергілікті халықтың әл-ауқатын қарап, экономикалық өсіп-өрлеудің жолдарымен танысу.

Бүгінгі таңда Бурабай ауданы бойынша халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлігін қамтамасыз ету күн тәртібіне енгізіліп, жергілікті шаруаларға қолдан келгенше көмек қолын аяп жатқан жоқ.

Халық қалаулылары алдымен Зеленобор ауылындағы «АгроИнвест-2015» серіктестігінің бас директоры А. Ақылбековпен кездесіп, аталмыш мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Жұмыртқа өндіріп отырған мекеме басшысының айтуына қарағанда өндіріс қалыпты жұмыс істеп тұр. Мәселелер де жоқ емес, құс фабрикасында күнделікті шығатын қалдықты төгетін жер жоқ. Айналаның барлығы курорттық аймақ болғандықтан, қазіргі күні жіпсіз байланып отырмыз,-дейді кәсіпкер азамат. Өңір бойынша аграрлық салаға жауапты комиссияның мүшелері кәсіпкердің мәселесін алдағы уақытта сессия барысында қарап, біржақты оң шешім шығарамыз деп уәделерін берді.

Сонымен қатар, Щучинск қаласындағы «ОСКО» ЖШС-нің директоры  В. Спиридонов, келген меймандармен кездесу барысында шұжық өндіріп отырған кәсіпорынның бүгінгі атқарып отырған жұмысымен кеңінен таныстырып, шаруашылықтың нәтижелі болып жатқандығын айтып өтті.

Ақмола облысы ауылшаруашылық департаменті бастығының орынбасары  Қ. Итқұсов, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Б. Махметов, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бастығы Р. Қасеновтар келген қонақтарды ауданымыздың даму сатысымен таныстырып, өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

                                                                   Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *