Облыс әкімінің Бурабай ауданына жұмыс сапары

Өткен аптада Бурабай ауданына өңір басшысы Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен келіп кетті.

Туристік аймақтың бір тармағы болып табылатын Қатаркөл ауылына ат басын бұрды. Мыңнан астам тұрғыны бар ауылдың қазіргі таңда уақыт талабына сай өркендеп, өсіп-көркейіп гүлденуі жолға қойылған.

Ермек Боранбайұлы биылғы жылы күн тәртібіне қойылып күрделі жөндеуден өтіп жатқан ауыл мектебіне барып, ішіндегі күрделі жөндеудің қалай өтіп жатқандығымен кеңінен танысты. Былтырғы жылдан бері ауданымызда бірқатар білім ошақтары толыққанды жөнделіп, қазіргі таңда халықтың игілігіне беріліп отыр. Әсіресе, тоқыраудан кейін ескіріп қалған елді-мекендердің көшелері жөнделіп, жолдарын асфальттауды қолға алып отырғандығын оқырманға айтып, еске салғанымыз абзал болар.

Атақты алаш қайраткері, сол қилы заманда уақыт ызғарымен жазықсыз қудаланған Әбілқайыр Досов атындағы мектептің соңғы жылдары күрделі жөндеуге сұранып тұрғандығы жайлы жергілікті тұрғындардан шағым хат жиі түсетін еді. Аудан басшысы Әсет Мұздыбаев және аудандық білім бөлімінің басшысы Жангелді Төлегенов облыс басшысына құрылысы жүріп жатқан мектептің қазіргі таңдағы жай-күйімен таныстырды. Жергілікті басшылардың айтуына қарағанда Қатаркөл ауылынан төрт адам жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта тағы да басқа ауылдардың білім ошақтарын жөндеуді күн тәртібіне қойып отырмыз,-дейді.

Облыс әкімі, құрылысы уақыт талабына сай болған мектептен білім алған балалардың болашаққа деген сенімі нығайып, білімге деген құштарлығы оянады, сондықтан білім ордалары талапқа сай болу керек деп бірқатар тапсырмалар жүктеді.

                                                                        «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *