Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Златополье селолық округінің әкіміне үміткер Накенов Ернар Батырбекұлының сайлауалды бағдарламасы

 Құрметті Златополье селолық округінің сайлаушылары!

Мен, Ернар Накенов, Златополье селолық округінің әкімі лауазымына үміткер ретінде өзімді ұсынып отырмын. Златополье ауылында шешімін таппаған мәселелерді күн тәртібіне қойып, шешу жолдарын қарастырып, округтің жағдайын жақсартуға бар күш-жігерімді саламын.

Жоғары білімді экономист ретінде жинаған тәжірибем және білімімді барлық мәселелерді күрделендірмей шешу жолдарына арнаймын.

Мен Ақмола облысына қарасты, Зеренді ауданының тумасымын. 2019 жылдан бастап Бурабай ауданы әкімінің аппараты төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс және мобильді дайындау бөлімінің бас инспекторымын.

Әрбір ауылда өзінің шешілмей жатқан өзекті мәселері бар екенін мен түсінемін. Сол мәселелерді шешуге ат салысып, қолымнан келген күшімді, білімімді аямаймын.

Өз таңдауыңызды жасап, маған дауыс беріңіз!

Менің алдағы 4 жылға арналған бағдарламам:

Шағын және орта бизнесті дамытып инвестициялық жобаларды іске асыру.

Округ бойынша инфрақұрылымды дамыту.

Округтің төтенше жағдайларын қадағалап, табиғи апаттардың алдын алу жолын назарда ұстау.

Құрметпен, Ернар Накенов

Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *