Қатаркөл ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Айтбаев Айбек Жанатұлының сайлауалды бағдарламасы

1986 жылы 12 мамыр Жамбыл ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім жоғары, мамандығым «Құқықтану». Әр түрлі құрылымдарда басшылық қызмет атқардым. 2018 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Бурабай ауданы, Бурабай кенті әкімінің орынбасары болып қызмет атқарамын.

Қатаркөл ауылдық округінің әкіміне кандидатурамды ұсына отырып, мен ауылдық округ тұрғындарының алдындағы үлкен жауапкершілікті түсінемін. Ауыл халқын және ауылдың проблемаларын білгендіктен сол мәселелердің шешімінің заңдарға сәйкес орындалуына күш саламын, азаматтардың мүдделерін қорғауды міндетім деп санаймын. Ауыл әкімі шаруашылық, басқару ісінің шебері болу керек деп ойлаймын. Ауылдық округ әкіміне сайлана қалсам, өз жұмысымды депутаттармен, халықпен, өндіріс жұмысшыларымен және кәсіпкерлермен бірлесіп, ауыл өмірін жақсарту жолында белсене жұмыс істеймін.

Өз қызметімде ұстанар бағыттарым:

  • Зейнеткерлерге, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету;
  • Денсаулық сақтау, білім, мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету;
  • Ауылдық округ тұрғындарын сапалы ауыз суын қамтамасыз ету мәселесін шешу;
  • әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімін табу үшін шаруашылық субъектілері, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу;
  • ауыл жастары проблемаларымен айналысып, жастарды спортқа тарту бойынша жұмысты жандандыру;
  • ауылды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту;
  • жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы ауылдық округке тұрғындары өмірін жақсарту.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына, соғыс және еңбек ардагерлеріне қолдау көрсету. Округ жастарын рухани-патриоттық тәрбиелеуге, спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жоғары рухани әлеуетті қоғамның дамуына күш саламын. Округ тұрғындарының маңызды стратегиялық және күнделікті мәселелерінің шешімі жолында өз білімімді, тәжірибемді қолданамын.

Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *