Құрметті Кенесары ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Әлімжан Ахметов, Кенесары ауылдық округінің әкімімін. Еңбек жолымды совхозда қарапайым жұмысшы болып бастадым. Міне, 20 жылдан астам уақыт әкім лауазымында жұмыс істеп келемін.

Округ проблемаларын біле отырып, мен өзімнің негізгі міндетім – округ пен азаматтардың мүдделерін сапалы басқару және қорғау, әкімдік аппаратын сауатты басқару деп санаймын.

Әкім тәжірибелі басқарушы болуы тиіс деп ойлаймын.

Мен селолық округ әкімі кезінде қызметімдегі атқарған жұмыстарым: Кенесары ауылындағы көше жарығының шамдары жөнделді, Баянбай ауылындағы көшелер жарықтандырылды, ауылі жолдары орташа жөнделіп, асфальтталды, Баянбай және Брусиловка ауылдарындағы ауыз су жүйелері жөнделіп, ауыстырылды.

Ауыл әкімі қызметін атқара жүріп, елдің мұң-мұқтажын біліп, оның шешімі жолдарына ат салыстым. Бұл ауыл жолдары, ауызсумен қамтамасыз ету объектілерін жөндеу және көшелерді жарықтандыру.

Мен бұл мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдық округтегі өмірді қалай жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Мен мұны тек сіздің қолдауыңызбен жасай аламын!

Мені әкім ретінде алдағы 4 жылға сайласаңыз:

  • 2024 жылға қарай Кенесары ауылында 140 орындық клуб салуға ықпал ететін боламын.
  • Баянбай ауылындағы көше жарығының құрылысы 2023 жылға дейін жүргізіледі.
  • Баянбай ауылының су құбыры желілерін 2025 жылға дейін толық қайта жаңартуға ықпал етемін.
  • Баянбай ауылы мектебін 2023 жылға дейін физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықтау.
  • Брусиловка ауылында 2024 жылға дейін суды тазартудың кешенді блок-модулін салу.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін селолық округтің бюджеті жеткіліксіз екені белгілі. Сондықтан қосымша қаржы көзін қарастырамын:

  • 2024 жылы Кенесары және Баянбай ауылдарында барлық жастағы балаларға арналған спорт алаңын салу
  • Шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін және экономиканы көтеруге ықпал ететін инвестициялық жобаларды тарту.
  • Шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту.

Келесі шараларды жүзеге асыруға үлес қосамын:

  • Халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру.
  • Ауылдық округте мәдени-рухани мұраларды насихаттау.
  • Халықтың әлеуметтік осал топтарына, аға буын өкілдеріне қолдау көрсету.
  • Отбасылық құндылықтар мен салауатты өмір салтын насихаттау.

Құрметпен, Әлімжан Ахметов.

Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.