«Nur Otan» партиясының Бурабай аумақтық филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестердің 2021 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша есебі

Бурабай ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыруды жүйелі бақылауды және оның тиімділігін мониторингілеуді қамтамасыз ету мақсатында Бурабай аудандық партия филиалында 8 Қоғамдық кеңестер құрылды. Қоғамдық кеңестердің құрамы, сондай-ақ  кеңестердің  төрағалары  2021 жылдың 16 сәуірінде өткен Саяси кеңес бюросының отырысында бекітілді. Кеңестер аудандық мәслихат депутаттары, партияның белсенді мүшелері, белгілі тәжірибесі мен білімі бар праймеризге қатысушылары арасынан қалыптастырылған.

* Аумақтық даму жөніндегі Қоғамдық кеңес – Б.А. Сүлейменов;

* Экологиялық мәселелер жөніндегі Қоғамдық кеңес – А.Ғ. Табулдин;

* Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес – Ш.Ж. Оразалин;

* Әлеуметтік мәселелер жөніндегі Қоғамдық кеңес – Е.И. Жукова;

* Аграрлық секторды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес – Ә.Қ. Ахметов;

* Жастарды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңес – Д.Ш. Сұрағанов;

* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес – О.Б. Нұрмағамбетов;

* Партиялық бақылау комитеті – П.В. Проскурин.

Әрбір кеңес партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағытымен айналысады. Кеңестердің негізгі міндеті партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету және іске асыру болып табылады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестердің 12 отырысы өтті, онда Бурабай ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы  Жол картасын іске асыру мәселелері қарастырылды.

2021 жылдың 1 жартыжылдығында болып өткен отырыстарда келесі мәселелер қаралды:

1) Аграрлық секторды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында 2025 жылы Бурабай ауданы бойынша элиталық тұқымдармен және үшінші репродукциядан төмен емес тұқымдармен поссевтің үлесі 60%-дан 80%-ға дейін арттыру, сондай-ақ бір жылдағы жұмыс жоспарын бекітілді;

2) Жастарды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңесте «Болашағына сенімді жастар» бағыты бойынша және 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» жастарды қолдау жөніндегі бағдарламасының іске асу барысы, «Жастар – Отанға!»  бағдарламасы мен «Жастар үшін аудан» бағыты бойынша партияның сайлауалды бағдарламасының аумақтағы жүзеге асу қарқыны талқыланып, 2021 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыланды;

3) Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесте партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлау алдындағы бағдарламасының «Өмір сүру жағдайларын жақсарту», «Халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту», «Тең мүмкіндіктер жасау» бағыттары бойынша, сондай-ақ отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, алдағы кезеңге арналған міндеттер, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мәселесі талқыланып, тұрғындардың мүдделерін сипаттайтын маңызды сұрақтар көтеріліп, жыл бойы атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді;

4) Білім және денсаулық сақтау мәселелері бойынша қоғамдық кеңесінің отырысында ағымдағы жылдың бірінші жартысында қоғамдық кеңестің бір отырысы өткізілді, отырыстың басты тақырыбы кеңестің жылдық жоспарын бекіту және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы Жол картасының «Медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру» бағыты бойынша жүзеге асырылуы болды;

5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 6 отырысы өткізілді. Аталмыш Қоғамдық кеңестің басты міндеті – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.

Бірінші жартыжылдықта құқық бұзушылықтарға түрлі салалар мен ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру туралы, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасының «ТҮКШ желілерін жөндейміз», «жолдардың сапасын жақсартамыз», «тең мүмкіндіктер жасаймыз» атты индикаторларын орындау жөніндегі мәселелер қаралды;

6) Жыл бойы партиялық бақылау Комитеті партиялық тәртіпті, партия жарғысының ережелерін және партия мүшесінің Әдеп кодексін бұзу фактілеріне және партия мүшелері тарапынан басқа да бұзушылықтарға жедел ден қоюды қамтамасыз етті.

Партиялық бақылау Комитеті мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қатысуымен түрлі партиялық бағдарламалардың орындалуын тексеру мақсатында жергілікті жерлерге барып, кезең-кезеңімен рейдтер жүргізуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 16 объектіге мониторинг және 6 отырысын өткізді. Комиссия отырыстарында жоспарлы мәселелерден басқа «Бақытты отбасы» партиялық жобасын орындау, партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасының «өмір сүру жағдайларын жақсартамыз» индикаторының – «7,1 мың жаңа жұмыс орын ашу», «жұмыссыздық деңгейін 4,8%-дан 2,4%-ға дейін төмендету» мәселелері қаралды.

7) өңірлік даму жөніндегі қоғамдық Кеңесте партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының «Бағалар мен тарифтерді тежеуді қамтамасыз ету», «Жолдардың сапасын жақсарту», «Таза ауыз сумен қамтамасыз ету», «Өмір сүру жағдайларын жақсарту», «Қауіпсіз аудан», сондай-ақ өңірлік даму бағыттары бойынша бағдарламаның тиімді іске асырылуына жәрдемдесу мәселелері қаралды.

Қоғамдық кеңес тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде, өңірлік даму саласында, оның ішінде заңнаманы, бюджет және ақша-несие саясатын жетілдіру, іскерлік белсенділікті ынталандыру, әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсынымдар әзірлеуде, өңірлік даму саласына қатысты өзге де мәселелерді шешуге ат салыспақ;

8) экологиялық кеңес жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып – қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәдениетті арттыру болып табылады.

Экологиялық кеңестің 2021 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша өткізілген отырыс барысында алдағы кезеңге арналған міндеттер, жасыл желектерді өтемдік отырғызу, санитарлық кесу, апатты жағдайда тұрған ағаштарды кесуге қатысты жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды.

Барлық мәселелер бойынша индикаторлардың орындалуына жауапты тұлғаларға ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, жыл бойы атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді.

Қ.Мажиков, «Nur Otan» партиясының Бурабай аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *