СОТ БӨЛМЕСІНЕН

 

Бурабай аудандық соты ҚР ҚК – нің 346-бабының 1-тармағы-көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы бойынша азамат А. айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес азамат А. 2021 жылғы 8 наурызда көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола отырып және алкогольдік масаң күйде болып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарын басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды бұзуға бағытталған кенеттен туындаған қылмыстық пиғыл бойынша және өзінің қылмыстық ниетін іске асыра отырып, алкогольдік масаң күйде болып, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2-тармақтарын бұза отырып, оған сәйкес жүргізушіге Қазақстан Республикасының көлік, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін есірткі және токсикологиялық) мас күйінде көлік жүргізгенін, А. азаматы кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен азамат А.қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Г. Жүзбаева, Бас маман сот отырысының хатшысы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *