5 жылда Елордадағы су айдындарында 52 адам қайтыс болған

Елорданың су айдындарында кейінгі 5 жылда 52 адам суға кеткен. Оның 12-сі — бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғау басқарма бастығы Рәтбек Демеуберген әкімдіктің ақпарат алаңында осындай статистика айтты. «Жыл басынан бері елорданың су айдындарында 8 бірдей адам суға кеткен. Оның ішінде 4 жасөспірім. Адамдардың қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған учаскелерде тіркелген», — деді департамент өкілі. Сондай-ақ, ол кейінгі бес жылда Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы су айдындарында тіркелген қайғылы оқиғалардың стастистикасымен таныстырды. «2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында 5 адам қаза тапты. Соңғы 5 жылда өлім статистикасы 52 қаза тапты. Оның ішінде 12 бала. 2017 жылы — 17 адам (оның ішінде 2 бала), 2018 — 19 адам (оның ішінде 9 бала), 2019 жылы — 7 адам (оның ішінде 1 бала), 2020 жылы — 5 адам суға кеткен. Жоғарыда айтылғанның негізінде елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды су айдындарына өздерін жібермеуге шақырамын», — деді Рәтбек Демеуберген.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *