Ақмола облысы КВИ ауруы бойынша «алға» шығып тұр

Өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Ол Ақмола облысы коронавируспен ауырғандардың оң жағдайларының саны бойынша республика бойынша төртінші орында екенін атап өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикердің айтуынша, республика бойынша коронавирустық инфекция аурушаңдығының күрт өсуі байқалады. Тек соңғы тәулікте 11 340 жағдай тіркелді.

«Ең жоғары өсім Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында және Қарағанды облысында байқалады. Ақмола облысы республика бойынша коронавируспен ауырғандардың оң жағдайларының саны бойынша 4 — ші орында», — деді Айнангүл Мусина.

Облыста барлығы covid-19 зертханалық расталған 54 335 жағдай тіркелген.

«2022 жылдың басынан бастап 8 өлім жағдайы тіркелді. Қаңтар айының басынан бастап алғаш ауырғандардың 63% пайызы, 6 айдан астам мерзімге вакцинацияланғандардың 30% — ы, қайта жұқтырғандардың 5,3% — ы», — деп толықтырды бас дәрігер.

Реанимация бөлімшелерінде 21 пациент бар, оның 16-сы U 07.1 диагнозымен және 5-і U07.2 диагнозымен.  Екеуінің жағдайы өте ауыр. Олар вакцинацияланбағаны атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша Covid-19-ға қарсы вакцинациялауға жұмылдырылған 133 егу пункті жұмыс істейді.

 «Егу науқаны басталғаннан бері 339181 адам егілді, бұл тиісті контингенттің 70,7% — ын құрайды. Екінші компонентпен 313 307 адам егілді, оның жалпы санынан 65,4%», — деп хабарлады Мусина.

Соңында спикер облыс тұрғындарын вакцинациялауға шақырды.

«Өз денсаулығыңыз бен айналаңыздағылардың денсаулығы үшін жауапты болуыңызды сұраймын. Өз бетімен емделмеу және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет. Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын — алудың ең тиімді әдісі болып табылады, ревакцинация иммунитетті арттырады», — деп қорытындылады бас санитарлық дәрігер.