Біздің болашағымыз

Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевтың қатысуымен жас өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауға арналған арнайы кең ауқымды жиын болып өтті. Жиынға жергілікті жердегі «Sһіdai» спорт клубының оқушылары қатысып, шығыс жекпе-жегін меңгеріп жатқандықтарын айтып, алдағы уақытта өздерінің бойларындағы үйренгендерін елдің жолына арнайтындықтарын жеткізді. Сонымен қатар аудан басшысы Әсет Мұздыбаев «Sһіdai» клубының жаттықтырушыларына өз атынан «Алғыс хат» табыс етіп, салауатты өмір салтын ұстану әрбір ауданымыздағы жастардың басты міндеті екендігін жеткізді.
                                                                   Шолушы