ҒЫЛЫМ НӘРІ — ІЗДЕНІСТЕ

 Ғылымға құштарлық — ақиқатқа

құштарлық, сондықтан да адалдық —

                                                             ғылымның  басты қасиеті болу керек

Л.Фейербах.

       Химия, биология, география пәндерінен  алған білімдерін өзектендіру және  интеграциялау, оқушылардың күнделікті өмірде экологиялық   санасы мен функционалдық құзіреттілігін  қалыптастыру  мақсатында №7 мектеп –лицейінде  «Ғылымдардың тоғысуы» атты  онкүндік ұйымдастырылды. Жас зерттеушілерді анықтау әрі қолдау мақсатында «Химия трендте»  атты ғылыми-ақпаратты  конференция  өтті.

      Конференцияда 7 «а»-сынып оқушысы Амангелді Сұлухан«Электронды темекінің адам ағзасына әсері» атты тақырыпта жинақтаған  ақпараттарымен  бөлісті:  «Бүгін де электронды темекілер  — «Альп», «Эйкос», «Вейптар» елімізге сертификатсыз кіргізіліп жатыр, ал дәрігерлер электронды темекі құрамында психобелсенді заттар, ауыр металдар бар екенін айтып ескертуде. Қазіргі кезде электронды темекілер мектеп оқушыларының  арасында аса танымал, жасөспірімдерді желіктіріп, түтінімен еліктіріп тұр. Алаңдатары, «Вейп» темекісінің бұл түріне жарнама жарқырап, шылымның балаға қолжетімді бағада еркін сатылымда. Қиналтатыны, тәтті буға тәнті болған мектеп оқушылары мұны сәнге айналдыруда. Бұл қазақ қыздарына, болашақ ана, қазақтың ұлттық санасына  жат қылық» деген ой айтты.

      Сердалина Жанель «Биогаз өндіру  технологиясы, оның оң және теріс жақтары» атты тақырыппен жұмыс жасап, қазіргі уақытта өзекті екеніне көрермендердің көзін жеткізді. Мал шаруашылығымен айналысатын ауылдың  тұрғындарына   қара мал, қойлардың қиы мен  құс саңғырығын арнайы құралда жинақтап, ашыту процесінің нәтижесінде табиға газ- метанды және жоғары сапалы тыңайтқышты алуға болатыны туралы ақпарат берді. Алынған биогазбен үй жылытып, тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануға болатынын және көмір мен отынға артық қаражат жұмсалмайтыны  жайлы ақыл-кеңестер ұсынды.

       «Куркума — болашақ өсімдігі» атты тақырыпта  7 «а»-сынып оқушысы Құбаев Бағдат жинақтаған ақпаратында осы уақытқа дейін бұл өсімдікті  тағамдарға дәм беретін дәмдеуіш  ретінде қолданылды. Куркума — зімбірдің ең жақын «туыстарының» бірі, оның емдік қасиеттері туралы жақын уақытта ғана зерттеліп, көп жазылуда. Бұл өсімдіктің пайдалы қасиеттерінің спектрі өте кең екені, денені инфекциялардан қорғап   иммунитетті күшейтетіні және респираторлық вирустық  аурулардың бірден бір емі екені туралы атап өтті. Бағдат өсімдіктің химиялық құрамын жазып, теріні қартаюдан сақтап, көптеген ауруларға ем екенін және ылғалды, жоғары температурада өсетіні жайлы бөлісті.  7 «в»-сынып оқушысы   Курганбаева  Аружан қазіргі уақытта қоршаған ортаны ластау жағынан өзекті мәселеге айналып отырған «Пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері» жайлы ақпарат берді. Пластик — біздің заманымыздың ең танымал материал. Құны  төмен, беріктігі және қолданудың әмбебаптығы — пластикалық өнімдердің кең таралуына ықпал етеді. Қазір бізді қоршап тұрған барлық нәрсе пластиктен тұрады: бөтелкелер, ыдыс-аяқ, жиһаз, техника және т. б. Пластик шөлмектің ультракүлгін сәулелері мен  температураның ауытқуы әсерінен толық ыдырауы үшін, 100 жылдан — 500 жылға дейін уақыт қажет болатыны анықталды.  Аружан «Қоқысты кәдеге жарату мәселесі бұрыннан өзекті және қайта өндеу технологиясын дамыған елдерден, соның ішінде Жапониядан үлгі алып,технологиясын игеру керек» деген ұсыныс айтты. Сонымен қатар, 7 «Б»-сынып оқушысы Талғат Айя «Аспирин консервант ретінде» тақырыпта аспириннің консервілеу  әсері,  оның пайда болу тарихы, консервант ретінде қолданудың пайдасы мен зияны жайлы таныстырды. Аспирин ерігенде және ерітіндіде  ұзақ уақыт болған кезде фенолдық қосылыс пайда болатындығын ескертті және бұл  микробтарды өлтіретіні, сонымен қатар  адам ағзасына да улы екені анықталған. Консерванттар — өнімдегі микроорганизмдердің өсуін тежейтін заттар. Аспирин  ауруды емдеуге көмегі көп болғанымен, консервант ретінде жүйелі түрде қолдану  инфаркт,  қатерлі ісіктің әсіресе сүт безі  мен тоқ ішектің даму  қауіпіне әсер ететіні «New England Tournal of Medicine» журналында  көпжылдық зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп,  бұл препараттың адам ағзасына зиянды қасиеттері расталып жазылған. Айя осы бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілуі керек деген ұсыныс айтты.

        Бұл конференция  белгілі бір тақырыптар бойынша  қосымша ақпарат беру, сонымен қатар ізденіс жұмысымен айналысқан балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, зерттеу жұмыстарына баулу мақсатында  ұйымдастырылды.  Оқушылардың болашақта  функционалдық сауаттылығын  артыру, ізденіс жұмысы қызықтыратындарға тақырыптың өзектілігімен қатар қоғамға қажеті бар, пайдасы тиетін  инженерлік салаға  икемдеу жоспарлануда.

А. Болатова, № 7 мектеп-лицейі

химия пәнінің мұғалімі