Құттықтаймыз!

Бүгінгі күн, 11 ақпан «Арман» БЖШО күнтізбесінің мерекелік күндер қатарына енді. Өйткені, құрметті әріптес, ақылды тәлімгер, қайырымды дос пен ықыласқа лайықты азамат Жұматай Базарұлы Абылкасовтың 63 жасқа толған мерейлі мерекесі.
Ал, туған күндерде қабылданған игі дәстүр бойынша бүгін біз әріптесімізді құттықтап қана қоймай, оның жетістіктері туралы айтып, естеліктер мен жарқын сәттермен бөліскіміз келеді. Ал, Жұматай Базарұлының өмірінде жаңалыққа ашық, эрудициясы жоғары, позитивті тұлға ретінде мұндай сәттер көптеп кездеседі.
Ал, ең бастысы, атап өткіміз келетіні, әрине, Жұматай Базарұлының мінсіз кәсіби шеберлігі. Еңбек жолының ең басында ұстанған дене шынықтыру мұғалімінің жолы ма, әлде Қарағай орта мектебінің, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің директоры ретіндегі жауапты да маңызды қызмет пе, кейінгі атқарған мемлекеттік қызмет пе, өзі қызмет етуге мүмкіндік болған кез келген салада жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатындығы.
Өңірімізде де, одан тысқары жерлерде де Жұматай Базарұлының тәлім-тәрбиесін, ізгі де дана ақыл-кеңестерін, ашықтығын, ілтипатын, әділдігін әлі күнге дейін жадында ұстайтын әр жылдардағы түлектердің көп екеніне сенімдіміз. Бұл қасиеттердің барлығы әріптесімізге кейін басқа салаларда, қызметтерде жұмыс істегенде де пайдасы тиді.
2011 жылдан бастап Жұматай Базарұлының еңбек жолы «Арман» Орталығымен байланысты. Осы өткен жылдар ішінде ол біздің орталық үшін де, оның шәкірттерін сапалы дайындауы үшін де көп тер төкті. Әсіресе, ұлттық ойын түрлерін, соның ішінде «тоғызқұмалақты» дамытуда Жұматай Базарұлының еңбегі орасан зор. Егер, осыдан бірнеше жыл бұрын «дала шахматы» аталып кеткен қазақтың бұл ұлттық ойын түріне қызығушылар аз болса, бүгінгі күні Ж. Абылкасовтың ерінбей еңбектенуінің және педагогикалық дарынының арқасында жас бурабайлықтар аталған спорт түрінен облыстық және республикалық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атануда. Оның сегіз бірдей шәкірті спорт шеберлігіне үміткер атанды! 
Кез келген дарынды ұстаз сияқты Жұматай Базарұлы да шәкірттерінің жетістігін басты жетістігі деп біледі. Біз, әріптестері, оның жеке жетістіктерін, «Білім беру ісінің үздігі» атағын, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің, көптеген грамоталар мен алғыс хаттардың иегері атануын мақтан тұтамыз. 
Біздің әріптесімізді кәсіби табысы ғана ерекшелендірмейді, ол өзінің ашықтығы, әділдігі, даналығы, сонымен қатар көмектесу және қолдау көрсету қабілетінің арқасында ұжымда лайықты құрметке ие. Сол үшін де оған шын жүректен алғыс айтамыз. 
Құрметті Жұматай Базарұлы, туған күніңізбен құттықтай отырып, барлық ойларыңыз табысты істерге ұласып, жоспарлар мейлінше сәтті жүзеге асып, барлық мақсаттар орындалсын деп тілейміз.  Сізге және сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық тілейміз. Мерекеңіз құтты болсын!
 «АРМАН» БЖШО ҰЖЫМЫ