Ауған соғысының аяқталғанына 33 жыл

15 ақпан кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына биыл-33 жыл толып отыр.
Қанды қасап сұрапыл соғысқа мыңдаған жауынгер қатысып, қаншасы елге табытпен оралды, қаншама ананың жанары әлі күнге дейін жасқа малынып отыр. Осы қасіретті соғыста шейіт кеткен марқұмдарды еске алу мақсатында республикамыздың барлық өңірлерінде арнайы шағын жиын өткізу дәстүрге айналған.
Осы аптада Щучинск қаласының Ауған соғыс ардагерлері ескерткішінің алдына бір интернационалистік борышын өтеген ардагерлер және Бурабай ауданының әкімі Ә. Мұздыбаев, аудандық мәслихат хатшысы М. Нұрпанова, ауған соғыс ардагерлер қоғамының жергілікті төрағасы Б. Бұлановтар қатысып сөз сөйлеп, осы соғыста ерлікпен қаза тапқан марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Он жылға созылған қасіретті соғыстан үйіне жарымжан болып оралған қаншама жауынгерлер бар. Ал Отан алдындағы борыштарын адал атқарып елге оралған ардагер жігіттердің ерлігі бүгінгі жастар үшін үлгі екендігін айтқымыз келеді.
                                                              
«Бурабай-ақпарат»