Кітап әлеміне саяхат

Оқуды жақсы көретін және оқи білетін адам — бақытты адам. Ол көптеген ақылды, мейірімді және де адал достармен  қоршалған. Бұл достар — кітаптар. Кітаптар  кішкентай кезімізден  бастап, өмір бойы бізбен бірге. Олар жақсы оқуға, сөйлеу мен қиялдауға, көркем мінезді дамытуға, өмірде дұрыс жолды таңдауға көмектеседі.
Бірінші сынып оқушылары ең мейірімді, ең қызықты кейіпкерлер өмір сүретін кітаптар әлеміне тамаша саяхат жасады. Оқушылар кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелерімен танысты. Сондай-ақ, балаларға кітаптарды дұрыс қолдану, кітаптарды қалай таңдау және қалай ұстау керектігі  туралы айтылды. Балаларға «оқу залы», «формуляр» деген не екені түсіндірілді. Әр кітап өз орнында болуы керектігін және кітаптар кітапханада қандай принцип бойынша орналасқанын білді.
Экскурсия балаларға керемет әсер қалдырды! Таңқаларлық емес, өйткені бүгінгі  жас оқырмандар алдында үлкен құпия ашылды, оны тек көп оқу арқылы білуге болады.
Содан кейін ең қызықты сәт туды: жас оқырмандар өздерінің алғашқы кітабын таңдады!
 
                                                                                                                        
                                                                             Т.Н. Ковалева, Ұрымқай ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы