Тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Қаламыздағы №7 мектеп-лицейінде Е. Әуелбековты еске алу мақсатында тоғыз құмалақтан жарыс болып өтті.
Аталмыш жарысқа әр өңірден және жергілікті жердің спортшылары бақ сынасты. Сонымен қатар республикалық тоғызқұмалақ федерациясының төрағасы Ә. Бәйменов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мысыралимова, аудан әкімі Ә. Мұздыбаевтар қатысып, жас жеткіншектерге тек қана жеңіс тілеп, қоғам қайраткері болып қазақтың тарихында мәңгілік қалған Еркін Нұржанұлы жайлы ойларымен бөлісті.
Тоғызқұмалақтан орын алғандар бағалы сыйлықтармен марапатталып, естелік суретке түсті.
                                                                           Шолушы