
Осыған орай Оқжетпес ауылындағы Мәдениет үйінде жасөспірімдер суретшілердің көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Көрменің ашылуына Бурабай аудандық мәслихатының хатшысы Малика Нұрпанова қатысып, жеткіншектердің көркемөнердегі істерін оң бағалап, көрменің ашылуына мұрындық болған аудандық Мәдениет үйінің басшыларына және жергілікті жасөспірімдерді қолдауға мол мүмкіндік беріп отырған өнер мектептеріне тәлімгер ұстаздарына алғысын білдірді. Жас суретшілер өздерінің суреттерін баяндап алған жүлделерін көрсетіп келген меймандарға таныстырып өтті.
Көрменің ашылу салтанатының соңы әнмен өрілді.
Шолушы