Тәрбиеші — ұлы тәрбиенің  тірегі

Білімді, тәрбиелі ұрпақ  — еліміздің баға жетпес қазына
 байлығы. Бала өмірінің жарқын болашағының негізгі
 факторлары ол — тәрбие мен білім. Біз тәрбиеші болған
 соң, бізге артылған жауапкершілікте өте көп.
 
    Білім  іргетасының  ең алдымен  бөбекжайдан бастап 
қалануына байланысты, заманауи үлгідегі әдістемелерді 
пайдаланып, балаға тәрбие мен білімді ұштастыра отырып,
 жақсы мінез-құлық  қалыптастырып қанатын қатайтып,
бөбекжай деген ордадан ұшыру біздің тікелей парызымыз. Балалармен  жұмыс жасай отырып, оларға оқу — қызметін қызықты өткізу, логикалық тұрғыдан дамыту, балапандардың бөбекжайға деген махаббатын ояту, ол тәрбиешінің  жоғары әрі жан-жақты қабілеті деп санаймын.
     Тәрбие деген ұғымды жан-жақты қарастыруға болады, мысалға ең алдымен этикалық, эстетикалық тұрғыдан болса, екінші жағынан бөбекжайдағы білімнің негізінің қалануы. Абай атамыз айтпақшы, балаға мінез үш сан алуан адамнан жұғады, яғни, ол ата-анасы, ұстазы және досы демекші, тәрбиешінің бала өмірінде негізгі рөлді сомдайтын тұлға екені айқындала түседі. Ықылым заманнан адамзат ұстаз, тәрбиеші деген ұғымға зор құрметпен қараған,  себебі рухани білімнің қайнар көзі. Біз тәрбиенің айнасы болған соң, тәрбиешінің сөзі, жүріс — тұрысы, сөйлеу мәнері балалар үшін ғибрат.
      Бұл мамандыққа келудің өзі балаға деген махаббатпен ұласу керек. Тәрбиешінің мамандығына деген сүйіспеншілігі арқылы  берілген білім мен тәрбие, өз нәтижесін қашан да бермек. Еліміздің өскелең ұрпағы өте білімді, жан-жақты болып өссе, біздің еңбегіміздің жемісі деп білемін. Әр тәрбиеші еліміздің жарқын болашағы үшін талай еңбек етсе, Отанымыздың дамуына үлес қосқанымыз деп білемін.
 
 
                                           Жұлдыз Қасқырбаева,
 «Ақбота»  бөбекжайының тәрбиешісі