Ұлытау ұлы тарихи жер

Жолдауды асыға күттік. Шындығы керек біздің бүгінгі жаңарып жатқан Жаңа Қазақстанның жаңаша формадағы реформалардың болатындығы күткенбіз. Осы жолғы жолдаудың маңыздылығы да, мазмұны да ел күткендей болмады. Себебі, күнделікті күйкі-күйбең тірліктің айналасында айтылатын әңгіме емес. Президентіміз жаңаша сипаттағы дүниелерді халыққа жеткізді. Басқа халық өздерінің ұлыларын ардақтап жатқанда біз тек сөз жүзінде ғана айтып қана қоятындығымыз жасырын емес еді. Қазақтың кең байтақ даласының әр төбесі мен қыры-қыраты аңыз бен ақиқаттан құралған сонау ықылым замандағы ұлары ұшқан Ұлытаудан басталғанын тарихтан бәріміз білеміз. Тарихын танымаған елден, болашақ күту әрине ақылға сыймайды. Осы жерде ең бірінші болып Жошы хан билік жүргізген. Бір жылдары Жезқазған облысы облыстық мәртебесінен айырылып қалғандығы жасырын емес. Президент биылғы жылы қайтадан облыс деңгейіне көтеріп, құрылым жасайтындығын айтып жеткізді.

Ұлы Абай десе, Абай атамыздың өлеңі, қарасөзі десе есті қазақ елең ете түседі. Ақынның филофиялық тұжырымдары өлеңдері қай қазақтың болсын көкірегінде жатталып қалғандығы әмге жұртқа аян. Семей жері сонау посткеңестік тұстан бері полигон зардабын тартып біраз ауыр қасірет пен бейнетті бастан кешірді. Бертін бұл облыста облыстық мәртебесінен айырылып экономикасы әлсіреп, халқының жағдайы жұқарып, көлеңкеде қалып қойғандығын естіп, көріп жүрміз. Енді бұдан былай Семей «Абай облысы» болады дегенде ғаламтордан семейліктердің қуанып жатқандығын көріп біз де бір марқайып қалдық.

Д. Қонаевтың атына да бір облысты береміз деді. Иә, Д.Қонаев атамыз жетпіс жыл коммунистік партия үстемдік құрған тұста жүрегі қазақ деп, халқым деп соққан ұлтжанды, қоғам қайраткері болғандығын ел біледі. Демек осы жолы ұлылардың ұлықтаған ел басшысының жолдауы көптін көкейінен шықты деп өз басым толық сеніп айта аламын.

Сайлау туралы заңдарға өзгеріс, халық сайлайтын депутаттардың билік пен бұқараның арасындағы ортақ диалогіне басымдылық беретіндігін айтып жеткізді. Бастысы Жаңа Қазақстанның жаңаша сипаты ұлыларды ұлықтаудан басталып Ұлытау жері байырғы тарихымыздың бастауы ретінде қолға алынып жатыр. Қалған дүние орын-орнына келер. Бастысы тарихтан тәлім алғанымыз жөн болар. Ендеше іске сәт болсын!

Ж. Оспанов