Қош келдің, Наурыз!

Савинка негізгі орта  мектебінде  «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс- шара аталып өтті. Мектеп директоры Абылқасов Д.М. тамашалауға келген қонақтарды, ұстаздар ұжымын, оқушыларды наурыз мейрамымен құттықтады.
                                                 Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
                                                  Ұлыс бақты болсын!
                                                  Әр күніміз жақсы болсын!
                                                 Ұлыс оң болсын! деген тілектер айтылып, шашу шашылды. Мектебіміздің ұстаздары, оқушылары ат салысты.Оқушыларымыз ән айтып, өлең оқып, би биледі. Арқан  тартыс, асық ату секілді ұлттық ойындар ойналды. Әр сынып ұлттық тағамдарға толы дастарқан жайды.Бұл күні әрбір үйде наурыз көже әзірленеді.Бұл тағамды жеті түрлі дәмнен жасап,молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен. Мектебімізде наурыз көже әзірленіп, көпшілікке таратылды. Жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көпшіліктің көңілінен  шықты.
                                    


 
 Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: Кабенова Н.Б. Аухаева А.Т.