2022 жылғы өрт қауіпі маусымның басталуы

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 27-5/37-ңқ бұйрығы негізінде, «Бурабай» МҰТП мемлекеттік орман қоры аумағында 4 сәуірден бастап өрт қаупі бар маусым белгіленеді.

Өрт қауіпі маусымға дайындалу және ақпараттандыру мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелерде (орманшылықтарда) орманшылықтар бойынша топтық кеңестер өткізілді, сондай-ақ қосымша өрт сөндіру техникасы, яғни 2 бірлік КАМАЗ сатып алынды

Табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында барлық азаматтардан жеке тұлғалардың паркқа келу қағидаларын және ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын сұраймыз.

Табиғат қорғау заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда азаматтық белсенділік танытыңыз және шұғыл желі нөмірлеріне: 8 (71636) 7-15-15, 7-36-65 (тәулік бойы) және 8 (777) 200 78 19 бойынша дереу хабарлаңыз.

Орман мен өсімдіктер әлемін қорғау, жандандыру және тиімді пайдалану бөлімі