Бурабай ауданы әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Қадірлі бурабайлықтар!

Құрметті әскери қызметкерлер!

Сіздерді ерлік пен табандылықтың мерекесі — Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын.

Биылғы жылы еліміз Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдық мерекесін атап өтті. Елімізде тәуелсіздікті қорғау мен егемендікті нығайту, шекара тұтастығы және Отан қауіпсіздігі  жөніндегі қажетті шаралар қабылданып, әскеріміздің жаңа деңгейге көтерілуіне қол жеткіздік. Халықаралық әскери ынтымақтастық жүйелендіріліп, нығая түсті, қазіргі таңда Қазақстан әскерінің нығаюында, басқа елдер әскерімен де қарым-қатынастың дамуында маңызы зор. Жоғары дәрежелі әскери мамандар  дайындайтын атақты оқу орны,  ҚР ҚМ Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледж біздің ауданда орналасқанын мақтанышпен айта аламыз. Біздің әскер жоғары технологияға негізделген заман талабына сай қаруланған және жоғары санаттағы мамандары бар-тәуелсіздіктің басты кепілі. Қазіргі күні әскер қатарында қызмет ету мыңдаған жасөспірімдер үшін, біздің бурабайлықтар үшін ерлік пен отан сүйгіштіктің мектебіне айналып отыр.  Әскери күштер жауынгерлері, күш құрамаларының қызметкерлері өздерінің күнделікті жұмысында, Отанымыз-Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аға ұрпақтың жанқиярлық ерлік істерін жалғастыра береді деп сенеміз.  Осы айтулы күндеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, ашық аспан тілеймін.   Еліміз тыныш, шекарамыз нық болсын!


                                                                         Әсет Мұздыбаев

                                                                   Бурабай ауданының әкімі