ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ 30 ЖЫЛ

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.

Бұл күні біз арулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Еліміздің әр азаматы  бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда. Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесі.

Қымбатты жерлестер!

Бүгін ерекше күн. Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгілік пен игілік тілеймін. Ардагерлер мен жауынгерлеріміздің дені сау болып, сарбаздар мен қолбасшыларымыз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек те жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

«Отан Қорғаушылар күнімен және «Ұлы Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында құрметті ардагерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ, барша қазақстандықьтарды мемлекетіміздің тарихындағы осы айтулы күнмен Ақмола облысы Бурабай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі құттықтайды.

Е.Құдайбергенов, Ақмола облысы Бурабай ауданының қорғаныс

істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник