Бурабай ауданы әкімінің Халықаралық балалар қорғау күнімен құттықтауы

Құрметті балалар!

Қадірлі ата-аналар!

Сіздерді Халықаралық балалар қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл-қоғамның балалар құқықтарын қорғап және құрметтеу қажеттілігін еске салатын маңызды мерекелердің бірі. Әрине, баланың ең сенімді қорғаны — жарасымды отбасы. Балаларға жасаған қамқорлық — бұл болашаққа дайындаған инвестиция болып табылады.

Біз балаларымыздың табыстары мен жетістіктерін мақтан тұтамыз. Ауданда балалар шығармашылын жүзеге асыру, олардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз етуүшін мақсатты мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер, балалар алаңдары мен спорт алаңдары, жаңа үйірмелер және секциялар ашылуда. Отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау, балалардың қараусыз қалуын жою, баланың отбасында тұру құқығын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан көп жұмыс атқарылуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Біздің міндетіміз-жас бурабайлықтардың бақытты өмір сүруі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата-аналары мен азаматтары болуы үшін барлық жағдайларды жасау.

Құрметті достар! Халықаралық балаларды қорғау күнімен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл мереке сендерге қуаныш сыйласын, ал ересектерге олардың балалар үшін жауапты екенін тағы бір рет еске салсын. Алда сендерді көңілді жазғы демалыс күтіп тұр, каникул қызықты да, мазмұнды болсын! Барлық армандарыңыз бен тілектеріңіз орындалсын! Жазғы демалыстарыңыз сәтті өтуіне тілектеспін!

 Әсет Мұздыбаев

 Бурабай ауданының әкімі