Жемқорлыққа қарсы күрес — жаһандық мәселе

Президенттің әр жылғы Жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргізу, бұл дертпен бүкіл қоғам болып күресу қажеттілігі айтылып келеді. Жемқорлық – ол жай ғана құқықбұзушылық емес, мемлекеттін тиімділігіне деген сенімді жоятындығын және де ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндігін  сөзсіз. Жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты мақсаты  қоғамның жемқорлыққа төзімсіздігін қалыптастыру, қоғамдағы жемқорлықты жою.

         Жемқорлықты жою — біздің халқымыздың және мемлекетіміздің негізгі құндылығы тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы. Тек қана азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлер және ғылым өкілдерімен бірлесіп бұл қиын міндеттін шешімін таба аламыз және де Қазақстанның дамуын қамтамасыз етеміз.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген, осы Стратегия негізінде тек қана сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күресумен мақсатқа қол жеткізу мүмкін.Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарға мерзімнің ескіруі қолданылмайды, шартты түрде соттауға тыйым салынған, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына өмір бойына тыйым салу енгізілген және мүлікі толығымен тәркіленеді.

Жемқорлыққа жағдай жасайтын талаптар мен себептерді жою және құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстарды күшейту мақсатында Бурабай аудандық қазынашылық басқармасында 8 (71636)4 36 86  сенім телефоны, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін пошта жәшігі бар. Осы мақсатта ғимаратта күзет бекеті және бейнебақылау камералар бар. «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін енгізу клиенттер мен қазынашылық мамандары арасындағы жеке қатынасты азайтты, бұл жемқорлық құқық бұзушылығын алдын алуға мүмкіндік береді.  

Мемлекеттік қызметкерлердің табысы және мүлкі жайында декларацияны уақытылы берілуін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар қызметкерлерді жедел ақпараттандыру жолымен  қамтамасыз етілуде. 

Өзара сенім және жауапкершілік, қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты және құқықтық түйсікті қалыптастыру негізінде мемлекет пен қоғамның бірлесуі біздің елімізде жемқорлық сияқты әлеуметтік зұлымдықты жоятынына сенемін.

   Е. Алмасова,

Бурабай аудандық қазынашылық

   басқармасының басшысы