Референдумға ой-пікір

Бүгін Бурабай ауданында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл мәселе жөнінде аудан көлемінде барлық кәсіпорындарда, қоғамдық ұйымдарда, мекемелер мен ұйымдарда кездесулер өткізіліп, референдумда қаралатын мәселелердің маңыздылығы айтылып, түсіндірілді.

Референдум барлық қазақстандықтардың болашақ тағдыры үшін жалпыхалықтық маңызды іс-шара. Референдум — биліктің халықпен ақылдасатын, оған сенім артатын жарқын күндердің бірі. Бұл тарихи маңызы бар, билік халықтың ой-мақсатымен санасып пікір алмасатын күн. Бүгінгі референдумда талқылауға ұсынылған кең көлемді, өзгерістерге толы сұрақтар жөнінде елдің арман-мақсатын ашық айтып, дауыс беретін мезгілі. Бұл референдумда дауыс беру Қазақстанның көпұлтты халқының ынтымағы мен ауызбіршілігінің жоғары деңгейде екенін көрсетіп отыр. Конституциялық өзгерістер жаңа, әділетті Қазақстанның берік іргетасын қалайтынына сеніміміз мол.

Өтелбай Бейсенов,

«Бурабай» газетінің директоры,

Бурабай ауданының Құрметті азаматы